События

Павел Хегай «Гедеон Рихтер Қазақстан» компаниясының бас директоры қызметінен кетеді

Павел Хегай «Гедеон Рихтер Қазақстан» компаниясының бас директоры қызметінен кетеді

«Гедеон Рихтер Қазақстан» фармацевтикалық компаниясы бірінші басшының ауысатынын хабарлады. 2023 жылғы шілдеден бері Қазақстан Республикасындағы компанияны басқарған Павел Хегай қызметінен кетеді.

Павел Хегай «Гедеон Рихтер Қазақстан» командасына 2020 жылы қаржы директоры лауазымы арқылы қосылды. Gedeon Richter компаниялар тобына келгенге дейін ол фармацевтика саласында, халықаралық аудитте және тау-кен өнеркәсібінде мол тәжірибе жинақтады. 2023 жылғы шілдеде оның көшбасшылық қабілеті мен нарықты терең стратегиялық түсінуі бас директор лауазымына тағайындалуына негіз болды. Оның жетекшілігімен компания Қазақстан нарығындағы өз позициясын одан әрі нығайтып, бірқатар маңызды стратегиялық және әлеуметтік бастамаларды табысты жүзеге асырды.

Павел Хегайдың басшылық кезеңіндегі негізгі жетістіктердің бірі – 2025 жылдың соңында «Гедеон Рихтер Қазақстан» мен «МЕДСЕРВИС ПЛЮС» ФКК» ЖШС арасында инновациялық антипсихотикалық препаратты (халықаралық патенттелмеген атауы – карипразин) келісімшарттық негізде өндіру жөніндегі стратегиялық келісімге қол қойылуы болды. Бұл қадам шизофрения мен биполярлық аффективті бұзылысты емдеуге арналған дәрілік препарат өндірісін жергіліктендіруге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде отандық фармацевтика өнеркәсібін дамытуға және Қазақстан азаматтары үшін инновациялық медицинаның қолжетімділігін арттыруға бағытталған маңызды үлес саналады.

Павел Хегай компания басшысы ретінде Қазақстанның бүкіл фармацевтика саласын жүйелі дамытуға және мемлекетпен сындарлы диалог орнатуға ерекше көңіл бөлді. Оның белсенді қолдауымен Денсаулық сақтау министрлігі, бейінді ведомстволар және фармацевтикалық компаниялар өкілдерінің қатысуымен дәрілік заттардың тұрақты баға саясатын қалыптастыру мәселелері бойынша бірлескен жұмыс тобын құру бастамасы көтерілді.

Коммерциялық және салалық жетістіктерден бөлек, оның басшылығы кезеңінде компания денсаулық сақтау саласындағы ағартушылық жобалар мен ауқымды қайырымдылық бастамаларды белсенді түрде дамытты.

Осы уақыт ішінде «Гедеон Рихтер Қазақстан» маркетингтік коммуникациялар саласындағы үздік жоба ретінде танылып, бірнеше беделді салалық марапатқа ие болған «Рақмет, дәрігер!» әлеуметтік жобасын іске қосты. Сонымен қатар шизофрения мәселелеріне арналған арнайы сайт құрылып, қазақ тіліне аударылған «Шизофрения как она есть. Книга для тех, кто рядом» атты еңбек таныстырылды. Бұған қоса әйелдер денсаулығы туралы халықтың хабардарлығын арттыруға бағытталған ауқымды «Aiel Health» ағартушылық жобасы табысты жүзеге асырылып келеді.

Компания стратегиясында қайырымдылық пен корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікке де ерекше орын берілді. Компанияның мерейтойлық жылында Павел Хегайдың тікелей қатысуымен AYALA қайырымдылық қорымен бірлескен «Жүректен жүрекке» жобасы жалғасын тапты. Оның аясындағы негізгі оқиғалардың бірі – балалардың шығармашылық жұмыстарынан ұйымдастырылған қайырымдылық аукционы болды. Аукцион барысында компания серіктестері арнайы емдеуді қажет ететін балаларға өмірлік маңызды медициналық көмек көрсету үшін қаражат жинады.

Сондай-ақ осы кезеңде «Гедеон Рихтер Қазақстан» компаниясының ішкі коммуникацияларын дамытуға да ерекше назар аударылды. Қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру бағдарламалары күшейтіліп, әл-ауқатты жақсартуға бағытталған жаңа корпоративтік wellbeing-жобалар іске қосылды, сондай-ақ өзара байланыс құралдары мен арналары жетілдірілді.

Gedeon Richter командасы Павел Валентиновичке жоғары кәсібилігі, компания құндылықтарына адалдығы, бизнесті дамытуға және Қазақстан аумағында әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруға қосқан қомақты үлесі үшін шынайы алғысын білдіреді. Сондай-ақ оған алдағы кәсіби қызметінде толағай табыс тілейді.

Компанияның одан әрі дамуы мен алдағы өзгерістер туралы қосымша ақпарат кейінірек жарияланады.

Анықтама үшін:

1901 жылы негізі қаланған, штаб-пәтері Венгрияда орналасқан Gedeon Richter – инновациялық мамандандырылған фармацевтикалық компания.

«Гедеон Рихтер» компаниясының препараттары Қазақстанның фармацевтикалық нарығында 1996 жылдан бері ұсынылып келеді. Осы 30 жыл ішінде компания мемлекеттік құрылымдармен және медициналық қауымдастықпен табысты ынтымақтастық орнатып, денсаулық сақтау саласындағы реформаларды жүзеге асыруға белсенді түрде үлес қосып келеді.

«Гедеон Рихтер Қазақстан» қазақстандықтардың денсаулығына қамқорлық жасап, оны сақтауға арналған заманауи инновациялық препараттарды ұсынады. Бүгінде Қазақстанда компанияның барлық дәрілік нысандарын қоса есептегенде шамамен 100 препараты тіркелген.

Қазіргі уақытта компания еліміздің барлық өңірінде жұмыс істейді және Қазақстан Республикасында қызмет атқаратын ең ірі фармацевтикалық компаниялардың бірі болып саналады.

НАШ КАНАЛ В TELEGRAM

НАША ГРУППА В ФБ

885 pharmФармацевтическое обозрение Казахстана

Image