Кембридждегі «АстраЗенека» жаһандық зерттеу орталығы – Discovery Centre (DISC) – Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіпов бастаған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің делегациясын қабылдады. Сапар барысында тараптар денсаулық сақтау саласын дамытудың басымдықтарын, Қазақстанда инновацияларды одан әрі дамыту, сондай-ақ ғылым, цифрлық медицина және жүйенің тұрақтылығын арттыру жолындағы нақты қадамдарды талқылады.
